Хоккей

Қазақстан жастар құрамасы Астанада ОЖЖ өткізді

Астанада хоккейден Қазақстан жастар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтті.

«Барыс-Аренада» 2003, 2004 және 2005 жылы туылған 20 жасқа дейінгі 39 хоккейші – 35 алаң ойыншысы мен 4 қақпашы жиналды.

ОЖЖ құрамына Астана, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Орал, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларының ойыншылары кірді. 29 және 30 қазанда екіжақты матчтар өтті.

Санкт-Петербордағы турнир алдындағы қорытынды жиын 10 қараша бастап, 12 қараша команда Санкт-Петерборға жетіп, онда 13 ойыншы Ресей жастар құрамасына қарсы алғашқы матчты өткізеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0