Мбаппе Мессидің рекордын жаңартты

ПСЖ шабуылшысы Киллиан Мбаппе әріптесі Лионель Мессидің рекордын бұзып, Чемпиондар лигасында 40 гол соққан ең жас футболшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, түнде Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің соңғы туры өтті. ПСЖ сырт алаңда туриндік «Ювентуспен» кездесіп, 1:2 есебімен жеңіске жетті. Матчтағы есепті Киллиан Мбаппе он үшінші минутта ашты.
Осылайша, франциялық Чемпиондар лигасының тарихында 40 гол соққан ең жас ойыншы атанып отыр. Мбаппеге бұл көрсеткішке жету үшін 23 жас 10 ай және 13 күн қажет болды.
Бұған дейін рекорд Киллианның әріптесі Лионель Мессиге тиесілі еді (24 жас 4 ай 8 күн).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или