OCTAGON 37 турнирінде Еркебұлан Тоқтарды жеңген өзбекстандық файтер өнер көрсетеді

OCTAGON 37 турнирінде Еркебұлан Тоқтарды жеңген өзбекстандық файтер өнер көрсетеді

Танымал қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтарды (4-2) жеңген өзбекстандық Одилхон Камолов (2-1) Алматыда өтетін OCTAGON<span> </span>37 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Камоловтың O37 турниріндегі қарсыласы қазақстандық «Джакс» Жақсылық Тұрсынбай (1-1) болады, ол үшін бұл жекпе-жек Еуразиялық промоушендегі үшінші жекпе-жегі болады.

Еске салайық, өзбекстандық файтер кейінгі жекпе-жегінде танымал қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтарды (4-2) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Алдағы кештің басты жекпе-жегінде қырғызстандық «Халк» Исламбек Бактыбек уулу (6-2) мен ресейлік Владимир Рудак (3-1) кездеседі.

Сондай-ақ, ивент аясында аралас жекпе-жек жанкүйерлері бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипованың ММА-дағы екінші жекпе-жегін тамашалай алады, оның қарсыласы әзербайжандық Гюнель Амирбакова болады.

Алдағы ивентке билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или