ММА

33 жастағы ресейлік файтер қайтыс болды

33 жастағы ресейлік файтер қайтыс болды

Ресейлік ММА файтері Александр Писарев 33 жасында қайтыс болды. Бұл туралы сейсенбі күні ТАСС агенттігіне спортшының командасы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Александр Писарев ұйқысынан оянбаған күйі қайтыс болды, оның денсаулығында созылмалы проблемалар болған жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өліміне тамақтан улану себеп болған», - деді дереккөз.

ТАСС дереккөзі Писаревтің әйелі денсаулығына байланысты ауруханада жатқанын хабарлады.

Писарев RCC және Fight Nights турнирлерінде өнер көрсеткен. Соңғы жекпе-жегін 2020 жылы ақпан айында өткізіп, Максим Усояннан жеңілген болатын. ММА-да жалпы бес жекпе-жек өткізіп, үш жеңіске жеткен және екі рет жеңілген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0