Погба Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыспайды

Туриндік «Ювентус» пен Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Поль Погба футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатына жарақатына байланысты қатыспайды.
Бұл ақпаратты оның агенті Рафаэль Пимент растады. «Кешегі және бүгінгі медициналық тексерулердің нәтижесін хабарлауға мәжбүрмін. Погбаға отадан соң әлі қалпына келу жұмыстары өте қажет. Сондықтан Поль футболдан Катарда өтетін Әлем чемпионатында Франция құрамасына көмектесе алмайды», - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или