Бокс

Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі қашан өтеді

Жүсіповтің кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі қашан өтеді

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Абылайхан Жүсіповтің (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазады Prosports.kz.

Абылайхан 5 қарашада Миннеаполисте шаршы алаңға шығады. Қарсыласы америкалық Демаркус Лейтон (8-3-1, 5 КО) болады.

Лейтон кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы 14 тамызда Корона қаласында (Калифорния, АҚШ) отандасы Луис Лопеске (12-1-1, 4 КО) қарсы өткізіп, жеңіліп қалған. Ал Аблайхан Жүсіпов биыл 4 маусымда Миннеаполисте (Миннесота, АҚШ) өткен АҚШ-тағы дебюттік жекпе-жегінде мексикалық Эдгар Рамиресті (18-22-1, 14 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, 5 қарашадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде кубалық Давид Моррель мен қазақстандық Айдос Ербосынұлы WBA тұжырымы бойынша тұрақты әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0