Жәнібек Әлімханұлына әлем чемпионы атағынан айырылатыны ескертілді

Жәнібек Әлімханұлына әлем чемпионы атағынан айырылатыны ескертілді

Британдық жаттықтырушы әрі матчмейкер Эдвард Маскат отандасы Дензел Бентли мен орта салмақтағы WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Менің Дензелім өзінің ойын жоспарын ұстанып, әлем чемпионы ретінде оралады», - деді Маскат.

Әлімханұлы мен Бентли арасындағы жекпе-жек 12 қарашада Лас-Вегаста өтеді және қазақ боксшысы үшін әлем чемпионы атағын бірінші рет қорғауы болмақ.

Бұған дейін WBO президенті Пако Валькарсель Әлімханұлы Бентлиді жеңетін болса, мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізуі керек екенін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или