Артем Антропов Азия чемпионатында жүлде алды

Артем Антропов Азия чемпионатында жүлде алды

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп жазады Prosports.kz.

«Спорт Шрёдингера» телеграм-арнасы хабарлады.

«Артем Антропов Бахрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 96 келі салмақта қола медаль алды. Ол жалпы 377 (158+219) келіні көтерді. Бұл салмақта «алтынды» 2021 жылғы әлем чемпионы бахрейндік Лесман Паредес жеңіп алды 397 (182+215) келі, ал екінші орын тайпейлік Чэнь По-Дженге 383 (177+206) бұйырды», - деп жазады арна.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или