Дзюдодан әлем чемпионатының медаль кестесінде Қазақстан нешінші орында тұр
Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан қоржынына екі жүлде түсті.
Ел құрамасы сапынан Елдос Сметов (60 келі) пен Әбиба Абужақынова (48 келі) қола медальді жеңіп алды. Екі жүлдемен Қазақстан әлем чемпионатының жүлдегерлер кестесінде Оңтүстік Корея, Нидерланд, Әзербайжанмен бірге 15-18 орындарды өзара бөлісіп тұр.
Медальдар кестесінде Жапония 12 (5 алтын, 4 күміс, 3 қола) медальмен көш басында тұрса, екінші және үшінші орындардағы Бразилияның 4 (2-1-1), Өзбекстанның 2 (2-0-0) медалі бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или