Данияр Шамшаев Оңтүстік Корея балуанына есе жіберді
Бүгін Ташкент төрінде 73 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев 2-айналымда оңтүстік кореялық Ынкюль Лиден жеңілді.
Сәл ертеректе Данияр алғашқы белдесуінде америкалық Джек Ёнезуканы вазаримен жеңген еді. Дәл осы салмақта бәсеке бойынша ең көп дзюдошы (51 адам) қатысқанын айта кетейік.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы тамызда Астанада өткен Азия чемпионатында топ жарған. Бұл оның ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или