В дивизионы, Еуро жолдамасына талас. Қазақстан топта бірінші орын алды

В дивизионы, Еуро жолдамасына талас. Қазақстан топта бірінші орын алды

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясындағы кездесуде Беларусь құрамасын жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстандық футболшылар өз тарихында Беларусьті ешқашан жеңіп көрмеген. Ал «Астана Аренадағы» бүгінгі кездесуде Қазақстан құрамасына тек жеңіс қажет болды.

Матчтың 29-минутында Михаил Габышев Рамазан Оразовтың әдемі пасын голға айналдырды. Бірақ командалар үзіліске кетер сәтте Павел Савицкий стандарт кезінде оқшып шығып, баспен дәл соққы жасады. 

Дегенмен, матчтың 79-минутында Бақтиер Зайнутдинов гол соғып, барша қазақстандықты қуантты. Қорытынды есеп - 2:1. 

Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының тобында бірінші орын алып, В дивизионына жолдама алды. Одан бөлек, ЕУРО-2024 жолдамасына таласады. Онда Ұлттар лигасы С дивизионындағы әр топта бірінші орын алған төрт команда бір жолдамаға таласады. 

Ал 25 қыркүйекте өтетін Әзербайжанға қарсы матч Қазақстан үшін маңызды болмай қалды. 

УЕФА Ұлттар лигасы. 5-тур

Қазақстан - Беларусь 2:1 (1:1)

Голдар: Габышев 29, Савицкий 45+3, Зайнутдинов 79

Алаңнан қуылды: Тағыберген 90+4

22 қыркүйек. Астана. «Астана Арена» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0