«Біз ертеңгі ойында нүкте қоюға тырысамыз». Адиев Беларусьқа қарсы қарымта ойын туралы

«Біз ертеңгі ойында нүкте қоюға тырысамыз». Адиев Беларусьқа қарсы қарымта ойын туралы

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ойын алдындағы баспасөз мәслихатында Ұлттар лигасындағы Беларуське қарсы матч туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Ертең күрделі ойын күтіп тұр, біз матч маңызды екенін түсінеміз және өзімізді жақсы сезінеміз. Біз көптен бері жігіттермен кездескен жоқпыз және маусым айында өткен ойындардағы сезімдерді сезінгіміз келеді. Жанкүйерлерді ертеңгі ойында күтеміз.

– Тарихи жетістікке бір ғана қадам қалды. Қазір командадағы жағдай қалай, Елдос Ахметов пен Исламбек Қуат ертеңгі ойынға дайын ба?

- Бізде бар болғаны үш жаттығу күні өтті сондықтан команданы жүз пайызға дайындау қиын. Сонымен қатар, бір жарым күн тактикалық жаттығулар болды. Бапкер әрқашан көп нәрсені қалайды, бірақ жағдайға шынайы қарауымыз керек.

Елдос жарақатпен келді және дұрыс жаттығу жасай алмады, сондықтан ол құрамға қосылмайды. Қуатқа келсек, ол дайын.

– Капитан кім болады?

– Тағыберген.

– Зайнутдиновке қатысты сұрақ. Өзіңіз білетіндей, Ресейде ол негізгі позициясында ойнамайды. Ертеңгі ойында ол қай жақта ойнайды?

- ЦСКА-да орталық қорғаушы ретінде ойнайтынын дұрыс атап өттіңіз. Мен өз тәжірибемде шабуылшы төмен түсіп, қорғаныста берік деңгейде ойнағанын ешқашан көрген емеспін. Ал ертеңгі ойында ол ортада ойнайды.

– Жуковтың кейінгі сұхбаты туралы не айта аласыз?

– Ол туралы айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Ол өзі жауап берді, карантинді ұлттық құрамадан жоғары қойды.

- Покатилов неге шақырылмады?

- Ол екі себеппен шақырылмады: біріншіден, мен бүкіл цикл бойы бізбен бірге болған жігіттерге алғыс айтқым келді. Екіншіден, Шацкий секілді тәжірибелі қақпашыны шақырып, оны қосалқы құрамда ұстаудың жөнін көрмедім.

- Байтана неге шақырылмады?

– Ол тәжірибелі футболшы және оны қосалқы құрамда отырғызу үшін шақыру орынсыз деп ойлаймын.

- Біз УЕФА-ға ауысқалы бірде-бір рет турнирлерде бірінші орын алған емеспіз және Беларусь құрамасын да жеңген емеспіз. Сіздің ойыңызша, неліктен бұлай болды?

– Мен басқаша қарар едім. Иә, біз ешқашан жоғары орындарды алмадық, бірақ мен жігіттерге осы сәттен ләззат алыңдар деп айттым, бұл әрбір футболшы үшін ерекше сәт. Біз әзірше бірінші орында тұрмыз, оған нүкте қоюға тырысамыз. Қандай жағдай болса да, біз табысқа жету үшін бар күшімізді саламыз.

Қарсыласқа келер болсақ, иә, ол бізге ыңғайсыз команда. Бірақ сәтсіз серия әрқашан аяқталады, мен ертең алаңда не істейтінімізді түсініп тұрмын.

– Бірінші орында боламыз деп ешкім күткен жоқ. Бірақ екі матчта жеңіліп қалсақ, бұл сәтсіздік болып санала ма?

– Алдымызға үлкен мақсаттар қойған жоқпыз, міндеттер қойылғанын ұнатпаймын. Менің әрқашан бір ғана мақсатым бар, ол орын алу емес, жауынгерлік дайын команда құру. Ұлттық құраманың нәтижелерінде менің еңбегім жоқ – бұл ойыншылардың еңбегі. Біз лайықты орын алуды жоспарлап отырмыз. Мүмкін болатын сәтсіздікке келер болсақ, мен сол адам болып қала беремін. Біз жанкүйерлердің үмітін ақтау үшін бар күшімізді саламыз.

Фото: ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или