«Біз ешкімнен қорықпаймыз!». Әлімханұлы Головкин жеңілгеннен кейін қазақстандықтарды жігерлендірді

«Біз ешкімнен қорықпаймыз!». Әлімханұлы Головкин жеңілгеннен кейін қазақстандықтарды жігерлендірді

Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегін тамашалаған кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтардың үлкен жеңістері әлі алда деп сендірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жәнібек Әлімханұлы қазақстандық кәсіпқой бокс мектебінің жетістіктері алыс емес деп есептейді.

«Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк туды желбіретеміз, бұйыртса!

Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады!

Біз өз жолымызды салдық! Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық!

Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!», - деп жазды Әлімханұлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или