Хоккей

ӘЧ-2023 матчтарының кестесі жарияланды

12 және 28 мамыр аралығында Рига мен Тампереде өтетін 2023 жылғы хоккейден әлем чемпионаты матчтарының кестесі белгілі болды.

Қазақстан құрамасы В тобында Латвия астанасында ойнайды. Бізге қарсы ойнайтын командалар: Канада, Чехия, Латвия, Норвегия, Словакия, Словения және Швейцария. Төменде Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:

13 мамыр, 19:20 – Норвегия – Қазақстан

14 мамыр, 23:20 – Чехия – Қазақстан

16 мамыр, 23:20 – Швейцария – Қазақстан

17 мамыр, 23:20 – Канада – Қазақстан

19 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Словакия

20 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Латвия

22 мамыр, 23:20 – Қазақстан – Словения

Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген*

А тобында Финляндияда Австрия, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, Швеция және АҚШ ойнайды.

Ширекфиналдық кездесулер Рига мен Тампереде, жартылай финалдар, финал мен үшінші орынды анықтайтын матч Тампереде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0