Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық матч өткізуден неге бас тартқаны белгілі болды

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық матч өткізуден неге бас тартқаны белгілі болды

Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстандағы дереккөздер Eurostavka.ru сайтында аталған елдің құрамалары Ресеймен жолдастық матч өткізуден бас тартқанын растады, деп жазады Prosports.kz.

Қазақстан футбол федерациясына жақын дереккөз РФФ-нан жолдастық матч өткізу туралы ұсыныс болғанын, бірақ бәрі әңгіме деңгейінде қалғанын айтты. Қазақстан Ресеймен матч өткізу имидждік тұрғыда тиімсіз деп санап, кездесуден бас тартқан.

Ал Өзбекстандағы дереккөздің айтуынша, жергілікті федерация Ресеймен матч өткізбеу үшін, олар ұсыныс жасаған уақытқа басқа қарсылас іздеп жатыр. Бұған дейін Ресей Өзбекстанмен қараша айында кездескісі келетіні жайлы хабарланған.

Әзербайжан футбол федерациясындағы дереккөз Ресеймен жолдастық кездесу жоспарланбағанын хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0