«Біреудің карьерасын бағалау маған тән емес». BRAVE 53 OCTAGON 22 турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық UFC-дің бұрынғы файтерімен кездеседі

Алдағы BRAVE CF 62 x OCTAGON 35 турнирінде 2021 жылдың тамыз айында BRAVE CF бұрынғы чемпионы бразилиялық Лукас Мартинсті (21-6) жеңген қазақстандық Олжас Есқараев (10-6) өнер көрсетеді.
Сондай-ақ «Қыпшақ» 30 қыркүйекте Алматыда Ultimate Fighting Championship бұрынғы өкілі, әйгілі филиппиндік Роландо Диге (14-12) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында Есқараев жекпе-жектерді сирек өткізу себептерін және дайындығы туралы айтып, отандық жанкүйерлерге де үндеу жасады.
– Олжас, былтыр тамызда Лукас Мартинсті жеңгеннен кейін бір ғана жекпе-жек өткіздіңіз. Себебі неде?
– Иә, былтырдан бері мен бір ғана жекпе-жек өткіздім, бірақ бұл сұрақты BRAVE CF-ге қойған жөн, өйткені біз әрқашан дайын болдық.
- Кейінгі Brave CF 59 & ATF 11 турнирінде Өзбекстанда өнер көрсеттіңіз. Туған жеріңіз Қазақстанда өтетін жекпе-жек алдында әсеріңіз қандай?
- Туған жеріңде өнер көрсету әрқашан үлкен жауапкершілік.
– Келесі жекпе-жегіңізге дайындығыңыз қалай және қай жерде өтіп жатыр?
– Бірінші жаттығуды таудағы лагерьде, екіншісін Алматыда өткіздік.

– 30 қыркүйекте әйгілі филиппиндік, UFC-дің бұрынғы өкілі Роландо Димен кездесесіз. Бұл жекпе-жек сіз үшін қаншалықты маңызды?
– Мен әрқашан мықты қарсыластармен күресуге шығамын және оларды ешқашан таңдамаймын. Келесі қарсыласым да мықты, оның үстіне өнер көрсетуде тәжірибесі мол.
– Филиппиндік файтер туралы не білесіз?
- Мен ол туралы көп білмеймін, бірақ ол да қарсыластарды таңдамайды және өте қарапайым. Сол үшін құрметтеймін. Ол менің бұрынғы бапкерім Ержан Естановпен қарсылас болған.

- Ди BRAVE CF-де қатарынан үш рет жеңіліп қалды, оның екеуі мерзімінен бұрын аяқталды. Болашақ қарсыласыңыздың карьерасындағы мұндай сәтсіздіктері сіз үшін нені білдіреді?
– Біреудің карьерасын бағалау маған тән емес. Біздің спорт өте ауыр.
– 30 қыркүйекте сізден Лукас Мартинспен жекпе-жектегідей керемет өнер күтуіміз керек пе?
– Ин Шаа Алла, әрине, жеңіс күтіңіздер!
– Алдағы жекпе-жек алдында қазақ жанкүйерлерге үндеу жолдағыңыз келе ме?
– Жанкүйерлерге келіп, өз батырын қолдауды сұраймын, өйткені бұл әрқашан қосымша күш береді!
Турнирдің ресми серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы.