Хоккей

«Барыс» Словакия құрамасының қақпашысын қатарға қосты

«Барыс» Словакия құрамасының қақпашысын қатарға қосты

«Барыс» хоккей клубы Юлиус Гудачекпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қақпашымен келісімшарт бір маусымға (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін) жарамды.

Қақпашы төрт жарым жыл бойы «Северсталь» және «Спартак» сапында өнер көрсетті. Құрлықтық хоккей лигасын жақсы біледі. Юлиус өткен маусымды Риганың «Динамосында» бастады, кейін ол «Спартаға» ауысып, команданың Чехия чемпионатының финалына шығуына көмектесті. Плей-офф кезеңінде Гудачек 12 ойынға қатысты.

Сондай-ақ соңғы жылдары қақпашы үнемі Словакия құрамасына шақырту алып жүр. 2012 жылы Гудачек командасымен бірге әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0