Қазақстандық файтер отандасын нокаутқа түсірді

Атырауда аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship 3 турнирінде қазақстандық спортшылар Ишан Галиев (2-0) мен Есболат Рахиденов (дебют) арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ бірінші раундта Галиев қарсыласын нокаутқа жіберді.
Осылайша, Ишан Галиев ММА-дағы кәсіпқой мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Есболат Рахиденов кәсіпқой спорттағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Еске салайық, Атырауда өтіп жатқан MFC 3 турнирінің басты жекпе-жегінде бүгін қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов (23-7-2) мен ресейлік Василий Бабинцев (6-6) жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или