UFC 279 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC 279 турнирінің тікелей трансляциясы

Қазақстан уақыты бойынша 11 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында аралас жекпе-жектен UFC 279 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы америкалық Нейт Диаз бен Тони Фергюсон арасындағы жекпе-жек болмақ. Негізгі жекпе-жекте Диазбен төбелесуге міндетті болған, бірақ салмағы белгіленген межеден асып кетпен Хамзат Чимаев америкалық Кевин Холландпен жұдырықтасады.

Бастапқы кард Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 4:00-де, ортаңғы кард 6:00-де, басты кард сағат 8:00-де басталады.

UFC 279 турнирін UFC Fight Pass бағдарламасында тікелей осы СІЛТЕМЕ арқылы көре аласыз. Грузия, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения, Әзірбайжан, Молдова және Украинада басты кардты Setanta Sports арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или