Головкин Канеломен текетіресінің тарихтағы орны туралы айтты
Орта салмақта WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен трилогиясы тарихта қалатынына сенімді, бірақ олардың қарсыластығын Мэнни Пакьяо – Хуан Мануэль Маркес тетралогиясымен салыстыруды орынсыз деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.
«Алғашқы екі жекпе-жегімізді төмен бағалағым келмейді. Олар қызық әрі тартысты өтті. Олар тарихқа енеді. Үшінші жекпе-жек қызық әрі тартысты болып тарихта қалады деп сенемін. Сонымен бірге алғашқы екі жекпе-жекті елемеуге болмайды. Мен жеңіске жетіп, төрешілер жағдайға әсер ете алмайды деп үміттенемін. Мен төрешілер адал және әділ болады деп үміттенемін. Тек үміттене аламын. Қалай боларын көреміз.
Біздің жекпе-жектер мен Маркес - Пакьяо текетіресін салыстырмас едім. Бір ғана ортақ нәрсе – олар тарихта қалатын ұлы жекпе-жек болады. Барлық жекпе-жегіміз тамаша болады деп үміттенемін», - деді Головкин Sporting News басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, Головкин мен Канело трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.