Велоспорт

Ковид жұқтырған «Астана» шабандозы «Испания Вуэльтасынан» шығып қалды

Ковид жұқтырған «Астана» шабандозы «Испания Вуэльтасынан» шығып қалды

Испанияның таулы-қыратты аумағында дәстүрлі велокөпкүндік жалғасып жатыр. 18-ші кезеңде шабандоздар 192 шақырымды бағындырды. Нәтижесінде бельгиялық Ремко Эвенепул жеңімпаз атанды.

Ол аталған аралықты 4 сағат 45 минут 17 секундта бағындырды. Ал, «Астана» шабандоздары арасынан  Мигель Анхель Лопес мәреге 9-шы болып жетті. 

«Астана» командасының тағы бір белді спортшысы Самуэле Баттистелла аяқасты  жарыстар шығып қалды. Дәл осы 18-ші кезең алдында оның ковид жұқтырғаны белгілі болды. 

Түпнұсқасы: 24.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0