Хоккей

«Арланға» ресейлік шабуылшы ауысып келді

«Арланға» ресейлік шабуылшы ауысып келді

«Арлан» хоккей клубы 22 жастағы ресейлік шабуылшы Вячеслав Колесниковты қатарға қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы көкшетаулық команданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Вячеслав Колесников альметьевскілік «Спутник» сапында өткізген үш маусымда 161 кездесуге қатысып, 64 (34+30) ұпай жинады. Өткен маусымның ортасында ол петропавлдық «Құлагерге» ауысып, 27 матчқа қатысты, онда 18 (10+8) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0