Хоккей

«Арлан» ресейлік шабуылшымен қоштасты

«Арлан» ресейлік шабуылшымен қоштасты

Көкшетаулық «Арлан» хоккей клубы шабуылшы Артём Ананичевпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккейші «Арланға» биыл жазда аусып келген. Команда сапында ол Қазақстан кубогы аясында бір кездесу өткізді.

Айта кетейік, кейінгі екі маусымда Магнитогорск хоккей мектебінің түлегі «Бейбарыс» сапында өнер көрсетті. 2021-2022 жылғы маусымда ол 53 кездесуге қатысып 42 (12+30) ұпай жинады. Сондай-ақ, хоккейші Қазақстанда «Снежные Барсы», «Теміртау» және «Алтай-Торпедо» командаларында ойнаған.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0