Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Агапова UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC аясындағы келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы Instagram желісіндегі жеке парақшасында алдағы кездесуіне қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Әлеуметтік желідегі видеодан оның партерде манекенге тоқтаусыз соққы жасап жатқанын көруге болады.

«Ақша үшін күрес пен жақсы өмір үшін күрестің айырмасы жер мен көктей», - деп жазды Агапова.

Айта кетейік, отандасымыз 18 қыркүйек таңертең UFC Fight Night 210/ турнирінде өнер көрсетеді. Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек кешінде ол канадалық Джиллиан Робертсонмен кездеседі. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или