Қазақстандық файтер жаңа лигада дебютін өткізіп, «Гладиаторды» жеңді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Арман Әшімов Nomad Fighting Championship промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегінде «Гладиатор» лақап атымен танылған қырғызстандық Азим Осмонкуловты жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әшімов төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, Nomad FC промоушенінде жекпе-жек бокс ережесі бойынша өтіп жатыр. Екі минуттан үш раунд.
Еске салайық, Арман Әшімов ММА-дағы кейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың қазан айында өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или