Зайнутдинов РПЛ матчының үздік ойыншысы атанды

Зайнутдинов РПЛ матчының үздік ойыншысы атанды

ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының сегізінші турындағы «Крылья Советовқа» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының футболшысы толық ойын өткізіп, командасының 1:0 есебімен жеңіске жетуін көмектесті.

ЦСКА баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Зайнутдинов матчтың үздік ойыншысы атанғанын жариялады.

Айта кетейік, Зайнутдинов биылғы маусымда ЦСКА-да орталық қорғаушы позициясында ойнап жүр.  

Сегіз турдан кейін ЦСКА 17 ұпай жинап, үшінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или