Теннис

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Алматы ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Яшинамен бірге осы жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген еді. Олар финалда доданың 1-ракеткалары, ресейліктер Амина Аншба - Софья Лансеремен бас жүлдені сарапқа салды. Финалға сай тартысты өткен бәсекеде қазақстандық-ресейлік жұп 7:6 (7:4), 5:7, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Ж. Құламбаева жұптық сында өзінің спорттық жолындағы 18-титулына қол жеткізді.

Жібектің Алматы жарысының абсолютті чемпионы атанатындай мүмкіндігі бар. Ол ертең жекелей сында да финалдық матчын өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0