Бокс

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайын. Ол бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингінің үшінші сатысында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуге келісті.

Бұған дейін Фалькао қазақстандық боксшыға жекпе-жек өткізуге ұсыныс білдірген болатын. Отандық боксшы Эскивамен айқасуға қарсы емес екенін айтып, оның командасына осы жекпе-жекті талқылауды ұсынды.

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшының алғашқы ұсынысына «Маған чемпиондық атағы жоқ боксшылар қызық емес» деп жауап берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0