Аргентина вице-президентіне жасалған қастандықтан кейін барлық футбол матчтарын тоқтатты

Аргентина футбол қауымдастығы (AFA) елдің вице-президенті Кристина Киршнерге жасалған қастандыққа байланысты барлық футбол матчтарының тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz .
«Аргентина футбол қауымдастығы вице-президент Кристина Киршнермен болған оқиғаны қатаң айыптайды. Біз зорлық-зомбылық ешқашан қозғаушы күш болмағанын мәлімдейміз», - делінген AFA мәлімдемесінде.
Вице-президентке қастандық жергілікті уақыт бойынша қыркүйектің 1-і күні кешке Киршнер өз үйінің жанында жақтастарын қарсы алған кезде орын алды. Белгісіз біреу оның бетіне тапанша сілтеп, триггерді басқан, бірақ оқ атылған жоқ. Осыдан кейін шабуыл жасаған адам ұсталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или