«Жәнібек ұзақ уақыт чемпион болады». Боб Арум қазақстандық боксшыға қатысты пікір білдірді

«Жәнібек ұзақ уақыт чемпион болады». Боб Арум қазақстандық боксшыға қатысты пікір білдірді

Жәнібек ұзақ уақыт орта дивизион үздігі болады. Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшыға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

«Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта әлемдегі кез келген спортшыға қарсы қояр едім. Ол қуаты сұмдық солақай», – деді Арум.

Айта кетейік, жерлесіміз жуырда ғана WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Өйткені оның басты қарсыласы және осы белдіктің бұрынғы иегері Деметриус Андраде титулдан бас тартты. Әлімханұлы (12-0, 8 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымы рейтингісінің үшінші сатысында тұрған бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуге келісті.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшыға басқаша жауап беріп, алғашында: «Маған чемпиондық атағы жоқ боксшылар қызық емес» деп, кейін 2012 жылғы Олимпиада жүлдегеріне «мүгедектер арбасына отырғызамын» деп сес көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или