Бокс

Головкин - «Канело» үшінші айқасын кинотеатлардан көресетеді

Головкин - «Канело» үшінші айқасын кинотеатлардан көресетеді

Мексикалық Сinemex кинотеатрлар желісі отандасы Сауль «Канело» Альварес пен қазақстандық орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек көрсетілімін жариялады.

Жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді. Альвареске тиесілі екінші орта салмақтағы WBA Super, WBA, WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Айқас Мексиканың бірқатар қалаларында үлкен экрандарда көрсетіледі деп хабарланған. Билет бағасы 3 доллардан 7 долларға дейін тұрады.

Жалпы, Мексика үшін кинотеатрларда ірі спорттық іс-шараларды көрсету жаңалық емес. Бокстан басқа, футболдан Чемпиондар Лигасы мен ҰФЛ матчтары да жиі көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0