Хоккейден Қазақстан кубогы: жартылай финалдағы жұптар белгілі болды

Хоккейден Қазақстан кубогы: жартылай финалдағы жұптар белгілі болды

Хоккейден Қазақстан кубогы топтық кезеңі аяқталды. Жүлдеге талас жолында төрт команда қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Pro.ligasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалға шыққан ұжымдар орны топтық кезеңдегі нәтижесі бойынша бекітілді:

Q1 – «Арлан» (топтағы бірінші орын, 6 ұпай)
Q2 – «Сарыарқа» (топтағы бірінші орын, 5 ұпай)
Q3 – «Ертіс» (топтағы бірінші орын, 4 ұпай)
Q4 – «Горняк» (әр топтп екінші орын алғандар ішінде үздік команда, 5 ұпай)

Осылайша жартылай финалдағы жұптар мынадай:

14:00. «Арлан» (Көкшетау) – «Горняк» (Рудный)
19:00. «Сарыарқа» 
(Қарағанды) – «Ертіс» (Павлодар)

Жартылай финал кездесулері 31 тамызда Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Аренада» (В блогы) өтеді.

Фото instagram.com/hcarlan_official

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или