Мұратбек Қасымбай октогонға қашан оралатыны белгілі болды

Мұратбек Қасымбай октогонға қашан оралатыны белгілі болды

ТАСС журналисі Игорь Лазорин өзінің телеграм-каналында әйгілі қазақстандық ММА файтері Мұратбек Қасымбайдың (11-4) сегізбұрышқа оралғаны туралы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазан айында Мұратбек Қасымбай октогонға шығады. Денсаулығына байланысты ол көп уақыт бойы төбелеспеген. Бұл жігіт естеріңізде ме?

Қарсылас жайлы ақпарат кейінірек белгілі болады», - деп жазды журналист.

Еске сала кетейік, наурыз айында Мұратбек Қасымбайдың омикронның ауыр түрімен ауырғаны, содан кейін оның көру қабілетінен айырылып қала жаздағаны және медициналық араласуға мәжбүр болғаны белгілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или