Ислам ынтымақтастығы ойындары: ауыр атлет Арли Чонтей алтын медаль жеңіп алды

Ислам ынтымақтастығы ойындары: ауыр атлет Арли Чонтей алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей Түркияда өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды.

Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Қоссайыс есебінде ол 253 (114+139) келі көтерді.

Екінші орынды Мансур Алсалим (Сауд Арабиясы) иеленді -252 (115+137) келі. Үздік үштікті 244 (110+134) келі көтерген Индонезиядан келген Ади Нугрохо тұйықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или