«Менің командам бұған риза емес». Иван Дычко - жаңа тәжірибе, Probellum-нің оған деген жоспарлары және бокстың отанындағы дебюті туралы

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11 КО) осы жылдың маусым айында Аргентинада Кевин Эспиндоланы (7-4, 2 КО) жеңген болатын, бұл оның Probellum топ-промоутеріндегі алғашқы жеңісі.
Prosports.kz тілшісі Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегеріне хабарласып, Қазақстанда уақытын қалай өткізіп жатқаны, ұпайлар бойынша алғашқы жеңісіне қатысты пікірін, сонымен қатар боксшының алдағы жоспарларын білді.
- Иван, Қазақстанда уақытты қалай өткізіп жатырсыз?
– Шамамен бір ай бұрын Қазақстанға ұшып келдім, екі апта демалып, сосын жаттығуға кірістім. Күн сайын менің жоспарым бойынша жүгіру және физикалық белсенділік. Жаттығудан кейін қызыммен және достарыммен уақыт өткіземін. Жақын арада Америкаға қайтамын.
- Кейінгі жекпе-жегіңізді 23 маусымда Аргентинада өткізіп, жергілікті боксшы Кевин Эспиндоланы (7-4, 2 КО) жеңдіңіз. Бұл жекпе-жек сіз үшін қалай болды?
– Кейінгі жекпе-жек мен үшін қалыпты өтті. Аргентинадағы кештің ұйымдастырылуның өзі әлсіз болды. Мен карьерамда алғаш рет он раунд өткіздім және, негізінен, ешқандай қиындықты сезінбедім.
– Бұл сіздің мерзімінен бұрын аяқталмаған алғашқы жекпе-жегіңіз. Жекпе-жекті толық өткізу жоспары болды ма?
– Жоқ, мұндай жоспар болған жоқ. Бокстасып, мүмкін болса нокаутқа түсіруге тырыстым. Бірақ қарсыласым мықты болып шықты. Мен оған талай рет соққы жасадым, бірақ оның қорғанысы жақсы болды. Негізі мен әр раундта жеңіске жеттін, бірақ аргентиналық, өкінішке орай, құлаған жоқ.
– Бұл сіз үшін тосынсый болды ма?
– Сәл таңғалдырды.

– Жақында ғана келісімшарт жасасқан Probellum және Bulldog Boxing Promotions жеңісіңізді қалай қабылдады?
- Мен менеджерлеріммен көбірек сөйлестім және менің командам бұған мүлдем риза емес. Әрине, бәрі нокаут көргісі келді. Жеке мен үшін бұл жақсы болды, өйткені жаңа тәжірибе алдым. Промоушен және маркетинг жағынан, бұл онша жақсы болмауы мүмкін, бірақ біз әлі де оған қол жеткізе алатын даму сатысындамыз. Менің тәжірибем үшін бұл пайдалы болды.
– Жаңа промоутерлеріңіз кәсіпқой ретіндегі жолыңызды қалай көреді және карьерадағы даму жоспарыңыз қандай?
– Олар мені үлкен бокс кештеріне шығарғысы келеді, ол үшін әрине, дайындалу керек. Мен визаға қатысты барлық мәселелерді шешіп қойдым және дайындыққа ұшып барамын.

– Келесі жекпе-жегіңіз қашан өтуі мүмкін?
– Қазан айында деп ойлаймыз. Тамыз бен қыркүйекте маған дайындалу керек.
– Америкада, сіз Флоридада тұрасыз ба? Соңғы кездері қандай бапкермен жұмыс істеп жүрсіз?
– Иә, Флоридада тұрамын. Бапкерлерге келетін болсақ, менің командам оларды үнемі ауыстырып отырады, бірақ кейінгі рет жекпе- жекке апарған Джон Дэвид Джексон болды.
– Головкин - «Канело» трилогиясындағы мүмкіндіктер туралы пікіріңізді білгім келеді?
– Мүмкіндіктерді тең деп бағалаймын, бірақ Гена психологиялық және техникалық жағынан жақсарды деп ойлаймын. Ол бапкерін ауыстырды және бір жерде өзгерді, сондықтан Канелоға оны оқу қиынырақ болады. Мен әрине, Генаға жанкүйер боламын!