«Тобылдың» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы анықталды

«Тобылдың» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы анықталды

Ньонда (Швейцария) Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтіп, оның қорытындысы бойынша турнирдің осы кезеңінде қостанайлық «Тобылдың» ықтимал қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Егер «Тобыл» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтсе, онда Еуропа лигасында «Олимпиакос» (Грекия) - «Слован» (Словакия) жұбының жеңілгенімен кездеседі.

Матчтар 18 және 25 тамызда өтеді.

Дегенмен, алдымен «Тобыл» үшінші іріктеу кезеңінде босниялық «Зринйскимен» ойнауы керек.

Командалар алғашқы ойынын 4 тамыздан 5 тамызға қараған түні Босния және Герцеговинада, қарымта кездесу 11 тамызда Қазақстанда өтеді.

Еске салайық, екінші айналымда «Тобыл» гибралтарлық Линкольн Ред Импсті екі кездесуде де жеңді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0