Айбол Әбікен «Ақсудан» кетті

Қазақстан құрамасының 26 жастағы жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен «Ақсу» футбол клубынан кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Біздегі мәлімет бойынша, ойыншының командадан кетуіне «Ақсу» клубы себепкер болған.
Осы маусымда ол павлодарлық клуб сапында 7 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.
Ойыншы алматылық «Қайратқа» тиесілі.
Айта кетейік, Әбікен допинг сынамасы оң нәтиже бергені үшін төрт жылға спорттан шеттетілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или