Конференциялар лигасы: плэй-офф кезеңі жеребесінің тікелей трансляциясы

Конференциялар лигасы: плэй-офф кезеңі жеребесінің тікелей трансляциясы

Бүгін УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде Конференциялар лигасы плэй-офф кезеңінің жеребесі тартылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда Қазақстан намысын еуропалық додаларда екі команда қорғап жатыр, бұл - еліміздің қазіргі чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен петропавлдық «Қызыл-Жар». Плей-офф кезеңіне шығу үшін қазақстандық командалар үшінші айналымдағы қарсыластарынан басым түсуі керек. «Тобыл» босниялық «Зриньскимен», ал «Қызыл-Жар» кипрлік АПОЭЛ-мен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін «Астана» польшалық «Ракувтан», алматылық «Қайрат» венгриялық «Кишвардадан» жеңіліп қалған болатын. 

Плэй-офф кезеңіне шықса, «Тобылдың» ықтимал қарсыластары (жұп жеңімпаздары): 

«Мальмё» (Швеция) — «Дюделанж» (Люксембург);
«Шэмрок Роверс» (Ирландия) — «Шкупи» (Солтүстік Македония);
«Линфилд» (Солтүстік Ирландия) — «Цюрих» (Швейцария);
«Олимпиакос» (Грекия) — «Слован» (Братислава, Словакия);
«Марибор» (Словения) — ХИК (Хельсинки, Финляндия). 

«Қызыл-Жардың» ықтимал қарсыластары:

«Сфынтул Георге» (Румыния) - «Юргорден» (Швеция);
«Твенте» (Нидерланды) - «Чукарички» (Сербия);
ЦСКА, София (Болгария) - «Сент-Патрикс» (Ирландия);
«Лиллестрем» (Норвегия) - «Антверпен» (Бельгия).

Жеребе тарту рәсімінің тікелей трансляциясы Нұр-Сқлтан уақытымен 18:00-де басталады, оны мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или