Тимур Турлов «Қайратты» сатып алу жоспарында болмағанын мәлімдеді

Тимур Турлов «Қайратты» сатып алу жоспарында болмағанын мәлімдеді

Күні кеше отандық БАҚ «Қайрат» футбол клубының жаңа иесі Freedom Holding Corp инвестициялық тобының негізін қалаушысы Тимур Турлов болатынын жарыса жазған. Бұған еліміздегі ең бай бизнесмендердің бірі әлжелідегі парақшасында жауап берді.

- Осы демалыста БАҚ-тан «Қайрат» ФК-ны сатып алуды жоспарлап жүргенімді білдім. Тамаша жігіттер, кәсіби футболшылар, Алматының беткеұстарлары. Бірақ маған бұл туралы ұсыныс та, өзім жоспарлап та, тіпті ойлаған да емеспін. Сол себепті қатты таңғалдым, - деп жазды бизнесмен Instagram-парақшасында.

«Қайрат» клубының иесі Қайрат Боранбаев наурызда квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталған еді. Енді отандық БАҚ алматылық клубтың жаңа қожайыны кім боларын болжап жазуда. 

Коллаж: arbat.media

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0