Алмабаев кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады

Brave CF 60 турнирінде америкалық Зак Маковскиді төрешілер шешімімен жеңген Асу Алмабаев Fightmatrix рейтингісіндегі орнын жақсартты, деп жазады Prosports.kz.
Асу ең жеңіл салмақта 30-орыннан 27-орынға көтерілді.
Одан бір саты жоғары, 26-орында жеңіліп көрмеген UFC файтері Мохаммед Макаев жайғасқан. Алмабаевтан кейінгі орында Жалғас Жұмағұловты жеңген америкалық Джефф Молина тұр. Ал Жалғастың өзі бұл рейтингте 35-орыннан көрінді.
Аталған рейтингте осы салмақтағы UFC чемпионы бразилиялық Дейвисон Фигеродо көш бастап тұр.
<h4>Асу Алмабаев Brave ұйымындағы қатарынан үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или