РПЛ: Зайнутдинов үшінші турдың үздіктер құрамасына енді

Мәскеулік ЦСКА клубында доп тебетін Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Ресей чемпионатының үшінші турында үздіктер (символикалық) құрамасына енді, деп жазады Prosports.kz.
Құрамды WhoScored<span> </span>аналитикалық порталы жариялады.
Зайнутдинов «Пари-НН» командасына (2:2) қарсы матчта 7,5 ұпай алған болатын.
Айта кетейік, қазақстандық футболшы үздіктер құрамасына қатарынан үшінші рет еніп отыр.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202208/209991_8734f3b5aaffefa3312023f8069f4cff.png" />
</picture>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или