Белгілі қазақстандық актёр өзбекстандық файтерге есе жіберді

Белгілі қазақстандық актёр өзбекстандық файтерге есе жіберді

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 33 турнирінде екінші маңызды жекпе-жек аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (4-1) жартылай орта салмақтағы ең маңызды жекпе-жекте өзбекстандық Одилхон Камоловпен (1-0) жұдырықтасты.

Үшінші раундта Тоқтардың белсенділігі айтарлықтай бәсеңдеп, Камоловтың ұрымтал әдісінен кейін жеңілісін мойындауға мәжбүр болды.

Шараның негізгі кездесуінде Нұрбек Тәжібаев (5-1) мен Мәжит Сардаров (4-0) жеңіл салмақтағы ұйымның чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или