«Тобыл» Конференция лигасының үшінші кезеңіне шықты

«Тобыл» Конференция лигасының үшінші кезеңіне шықты

Қостанайлық «Тобыл» командасы UEFA Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан чемпиондары аталмыш кезеңде гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасымен кездесті. Апта бұрын жерлестеріміз 2:0 есебімен басым түскен еді. 

Бүгін Гибралтарда өткен қарымта кездесуде де «Тобыл» 1:0 ұтты. Матчтағы жалғыз голды бірінші таймда сербиялық легионер Зоран Тошич соқты. 

Келесі кезеңде «Тобыл» Тирана (Албания)/Зринйски (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

«Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) — «Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) 0:1 (0:1)

Гол авторы:<span> Тошич 31 (0:1)</span>

Бірінші матч:<span> </span><span>0:2.</span><span id="pastemarkerend"> </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или