Хоккей

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Старченконың кетуі жайлы: Өзіміздің қазақстандықтарды бағаламайсыздар

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы Старченконың кетуі жайлы: Өзіміздің қазақстандықтарды бағаламайсыздар

Хоккейден «Барыстың» және Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Константин Романов елордалық клубты Роман Старченконы ұстай алмағаны үшін сынға алды.

- Мен «Барыста» болып жатқан оқиғаны білген кезде таңқалдым. Өз ойыншыларыңызды, қазақстандықтарды, елге берілген, мақтан тұтатындай жандарды қалай бағаламайсыздар? Осындай философиямен ескі ойыншыларды ысырып, неше түрлі керексіздерді ала берсеңіздер «Барыс» пен Қазақстан құрамасы ешқашан жеңіске жетпейтіні сөзсіз, - деді ол.

Старченко мен «Барыс» жаңа келісімшарт талаптары бойынша келісе алмай, кейін ойыншы Мәскеудің «Спартагына» ауысты. Роман Қазақстан құрамасында 2003-2004 және 2008 жылдан бері өнер көрсетті.

Түпнұсқасы: stan.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0