Қазақстандық чемпион мәлімдеме жасады

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) титулдық жекпе-жек өткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Көшпенді өз белбеуіне барады, ин ша Аллаһ», - деп жазды Жаркент қаласының 30 жастағы тумасы Instagram-парақшасында.
Бұл жазба арқылы ол қазіргі кездегі WBA International, WBC Asian және WBO Global титулдарынан да маңыздырақ чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасатынын анық білдірді.
Фото instagram.com/yerbossynuly_aidos