Ержан Залилов күтпеген жерден ресейлік боксшыдан жеңіліп қалды

Екатеринбургте (Ресей) өтіп жатқан RCC Boxing бокс кешінде «Зымыран» лақап аты бар қазақстандық боксшы Ержан Залилов (13-3-2, 7 КО) шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ресейлік Армен Атаевпен (6-4-1, 4 КО) кездесті.
Екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек сегіз раундқа толық жалғасып, ресейлік боксшы төрешілер шешіммен жеңіске жетті.
Осылайша, Армен Атаев кәсіпқой мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Ержан Залилов төртінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, бұған дейінгі жекпе-жегінде Залилов отандасы Ескендір Харсанды (9-2, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, мансабындағы алғашқы титулына (Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының чемпионы) ие болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или