Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Надежда Ли күміс жүлдегер атанды
Қазақстандық Надежда Ли ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім етті.
Ол 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арсында 64 келі салмақта сынға түсті. Қоссайыстың қорытындысымен ол 184 (100+84) келіні бағындырды.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Едіге Емберді (73 келі) пен Әлішер Байбуров (67 келі), Денис Полубояринов (81 келі) алтын алды.
Сондай-ақ, Аружан Дәулетова (71 келі), Алексей Чуркин (73 келі) күміс медальға қол жеткізді.
Ал Ерасыл Омаров (55 келі) пен Азамат Төлген (61 келі) қола жүлдегер атанды.
Айта кетсек, құрлықтық дода Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр.
Онда 13-17, 15-20 жас аралығында жүлделер сарапқа салынады. Сондықтан кейбір спортшылар екеуінде де сынға түседі.
Құрлықтық додаға ұлдардан 13, қыздардан 9 ауыр атлет барды. Азия чемпионаты 25 шілдеде мәресіне жетеді.
Фото: Instagram/wf_rk