Теннис

Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының екінші айналымына шықты

Елордада Президент кубогы аясында ерлер мен әйелдер арасында ATP Challenger және ITF World Tennis Tour жарыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Попко алғашқы айналымда нидерландылық Рубин Стэтхэмді 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Попконың келесі қарсыласы - түркиялық Янки Эрель. Монаколық Лукас Катаринаны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңген Михаил Кукушкин екінші айналымда бразилиялық Габриэль Декампспен кездеседі. Бейбіт Жукаев жапониялық Шинтаро Имаидан басым түсті - 7:6 (7:3), 6:1. Енді ол Израиль өкілі Даниэль Цукерманмен шеберлік байқасады. Денис Евсеев үш сетке созылған кездесуде ресейлік Алибек Качмазовты жолдан тайдырды - 6:3, 3:6, 6:4. Евсеев ширек финалға шығу үшін тағы бір ресейлік Евгений Карловскиймен таласады. Тимофей Скатов, Достанбек Ташболатов және Григорий Ломакин жекелей сында екінші айналымға шыға алмады.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова отандасы Асылжан Арыстанбековадан шеберлігінің басым екендігін көрсетті - 6:3, 6:4. Енді ол ресейлік Анастасия Золотареваны сынап көреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0