Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір медаль еншіледі

Азамат Төлеген ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
61 келіге дейінгі салмақта біздің спортшымыз алты әрекеттің бес мүмкіндігін орындап, 262 (112+150) келіні еңсерді.
Қоссайыста «қола» және серпе көтеруде «күміс» еншіледі.