Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасының матчында жеңіске жетті

Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасының матчында жеңіске жетті

Қазақстандық Владимир Чебурин жетекшілік ететін литвалық «Жальгирис» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Мальмёден» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Жальгирис» швед клубын 1:0 есебімен жеңді. Фабиен Урега жеңіс голын соқты.

Литвалықтар қатарында қазақстандық футболшы, 22 жастағы қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен де бар. «Астананың» түлегі қосалқы құрамда қалды.

Екінші ойын 27 шілдеде Швецияда өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или